You are here

Жезқазған қаласының прокуратурасы «Ұрлықты-тоқтату» жобасын жүзеге асыруда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жезқазған қаласының прокуратурасы «Ұрлықты-тоқтату» жобасын жүзеге асыруда - 711488869

Ағымдағы жылдың маусым айының 28 жұлдызында Жезқазған қаласы прокурорының орынбасары Р.Б.Рақымбековпен «Ұрлықты тоқтату» жобасы шеңберінде «Қазақмыс Копорациясы» ЖШС-нің экономикалық қауіпсіздік қызметінің басшылығы мен қызметкерлерінің, қала аумағында орналасқан күзет қызметін жүзеге асыратын ұйымдары өкілдерінің және қалалық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасарының қатысуымен қалалық мыс қорытатын зауытының  еңбекші ұжымы мен кездесу өткізілді.

         Іс-шараның күн тәртібінің негізгі тақырыбы: «Кәсіпорындар және олардың өнеркәсіп объектілер аумағынан ұрлықтың алдын алуы» болып табылды.

         Жезқазған қаласы прокурорының орынбасары Р.Рақымбеков «Қазақмыс Корпорациясы» объектілері – қаланың негізін салушы өнеркәсібін құрап, елдің көп бөлігіне жұмыс орын мен қамтамасыз етеді деп атап өтті.    

         Өкінішке орай, өткен мерзімнің статистикалық есебін талдау нәтижесінде Жезқазған байыту фабрикасы, қалалық мыс қорытатын және құю-механикалық зауыттарының аумағынан күн сайынмыс, сым өнімдері, мыс дайын өнімдері, түсті металдары, темір қалдықтары, өндірістік материалдары мен аспабтары ұрланып жатқандығы жалғасуда екенін көрсетті.           

         Корпорацияның экономикалық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерінің айтуымен, объектілерінің қауіпсіздік жүйесі жөнінде және ұрлықты алдын алу үшін қандай да бір технологиялар мен шараларды қабылдағанымен, зауыттың жқмысшылары мен күзет қызметкерлері және басқа да бөгде тұлғалардың тарапынан мүліктің ұрлығына әр түрлі амалдарымен жол берілуде. 

         Сондықтан, бейнетүсіргіш құралдарын көбейтуді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жаңадан пайда болған жүйелерді енгізу жөнінде ұсыныс берілді. 

Сонымен қатар, қылмыстық құдалау органдары және Корпорацияның қауіпсіздік қызметімен өндірістік объектілердің аумағында болып жатқан қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу үшін бірлесіп жұмысты жасау мәселелері талқыланды. 

Қорытындылай келе, осы кездесу аяқталғаннан кейін қала прокурорының орынбасары Р.Рақымбеков мыс қорытатын зауыт жұмысшыларымен жеке қабылдау өткізді.

 

Жезқазған қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.