You are here

Ұлытауда «Ұрлыққа тосқауыл» жобасы бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ұлытауда  «Ұрлыққа тосқауыл»  жобасы бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. - 1861137073

20.09.2017 жылы Ұлытау ауданы прокуратурасының бастамасымен  Ұлытау ауданы құқық қорғау және арнайы органдар арасындаға ведомствоаралық кеңесінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен ұсынылған «Ұрлыққа тосқауыл»  жобасының орындалысы талқыланды.

Ведомствоаралық кеңесте аудан прокуроры Қ.Манапов Ұлытау ауданы көлемінде ұрлықпен байланысты қылмыстың алдын-алу үшін біріге жасалған профилактикалық іс шаралар нәтижесінде аудан бойынша жалпы қылмыс деңгейінің 16,5 % пайызға, ал ұрлықпен байланысты қылмыстар 14,0% пайызға азайтуға қол жеткізілгенін көрсетіп, алайда аудандық прокуратураның талдауы барысында аудан бойынша ұрлыққа қарсы жасалған профилактикалық жұмыстар, аталған қылмысты  толық  тыйуға ықпал етпегенін, себебі ауданымыздың кейбір елді мекендерінде мал ұрлығы мен заңды тұлғалардың мүліктерін ұрлау деректері азаймай отырғаны анықталғанына тоқталды.   

Сондықтан, Ұлытау ауданы прокуроры Манапов Қоңырат Пулатұлы  Ұлытау ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияға «Ұрлыққа тосқауыл»  жобасын іске асыру үшін келесідей профилактикалық іс шараларды қолға алып, іске асыруды ұсынды:

Аудан бойынша ұрлықпен байланысты қылмыстың басым көпшілігі мал ұрлығы болуына байланысты, жергілікті халық арасында құқықтық түсіндіру, ескерту жұмыстарын жүргізіп, малдарды бірдейлендіріп есепке алып,  әрбір елді мекенді басып өтетін тас жолдарға малдың семірген уақытында тиісті рейдтік шараларды жиі ұйымдастырып, жергілікті атқарушы органдардан малдарына тиісті анықтама алмай тасымалдау деректерін анықтап, ауданымыздың елді мекендерінде полиция қызметкерлерімен бірігіп ұрлықты болғызбау үшін жұмыс жасайтын жергілікті тұрғындардан ерікті топтар құрып, кент және ауыл әкімдеріне малдарды үнемі бағуды ұйымдастыруды ұсынды.

 Сонымен қатар, Ұлытау АІІБ-не Ұлытау ауданының көлемінде орналасқан Жезқазған, Сатпаев қалаларының   мал сату базарларымен және түрлі-түсті метал қалдықтарын қабылдайтын орындармен меморандумға отырып,  аталған шарада қылмыстың жолын кесуге және оны ашуға көмектесетін іс-шараларды қарастыруды көрсетті.

Және де, Ұлытау ауданының мемлекеттік мекемелеріне және жеке кәсіпкерлеріне ұрлықтың алдын-алу үшін өздеріне тиесілі ғимараттарға бейне-жазба  камералар қойғызуды ұйымдастыруды, және де ауданымызда қылмыс жасалуға жол ашып отырған тағыда басқа себептерді жоюды сұрады.

Аудан прокурорының ұсынысы Ұлытау ауданының әкімі Омаров Әнуармен   толық қолдау тауып, ведомствоаралық кеңестің хаттамасына енгізіліп, ауданымызға қарасты барлық елді мекендердің әкімдері мен учаскелік полиция инспекторларын орындалуын бақылауға алуды, олардың толық орындалуын бақылауға алуды тапсырды.  

 

Ұлытауда  «Ұрлыққа тосқауыл»  жобасы бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. - 1615407576

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.