You are here

«Тұрғындарды ауылшаруашылық жануарлары ауруынан сақтаймыз» атты жоба жүзеге асырылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылы аудан аумағында сібір жарасы дерегі анықталуымен, қараша айында  Ақтоғай ауданы прокуратурасы аудан әкімшілігімен бірлесе ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу, сондай-ақ бірдейлендіру, диагностикалық зерттеу және вакцинациялау жұмыстарының тиімділігін арттыру бағытталған жобасы іске қосылған.

Осыған орай аудандық дейгейде мәсеселердің шешімін табуда 9 іс-шара бойынша жоспары бекітіліп, бүгінгі таңда бірқатар жетістіктерге жетілген.

1.           Әлектрондық дерекқорда тұрақты жұмыс істеу үшін 17 ауылдық округтарда 15 маманды жұмысқа алуға аудандық бюджеттен 10 млн. теңге қаражат бөлініп, 15 маман тұрақты жұмыспен қамтылған.

2.           Тұрғындар арасында ветеринария заңнамасының талаптары жөнінде ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көшелерде баннерлер ілініп, жаднамалар тарқатылып, ауылдық клубтарда халықпен кездесулер өткізілген.

3.           Ауылдық әкімдіктер мен ветеринария дәрігерлері арасында мал басын есепке алу, ай сайынғы статистикалық және АШЖ БД мәліметімен салыстыру жұмыстарын бірлесе атқару бойынша іс-шаралары ұйымдастырылған.

4.           Ветеринарлық-диагностикалық жүргізілген іс-шаралары есебі дәлелдеу құжаттарымен қабылдау жұмысы ұйымдастырылып, шынайы емес есеп беру фактілері жойылған.

5.           Ветеринарлық бөлім және ветеринарлық қызмет жұмысына баға беретін критерийлер енгізілген.

6.           Байланыс желілерімен қамтылмаған елді мекендерді спутниктік антенналар орнатылған.

7.           Ауыл шаруашылығы жануарлары иелеріне шара қолдануда аудандық ветеринария бөлімі, ветеринария қызметі, ветеринария инспекциясы және ІІБ қызметкерлері арасында өзара бірлесе жұмыс атқару алгоритмдері жасалған.

8.           Алғаш рет мал басын есепке алу туралы талаптарды бұзғаны үшін мал иелеріне 5 ұйғарым енгізіліп, 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ағымдағы жылдың 29-шы мамырында аудан әкімшілігі ғимаратында аудан прокурорымен  аудан әкімі, ауылдық округтар әкімдері, ветеринарлық пунктер меңгерішілері және уәкілетті органдардың басшылары қатысуыменведомствааралық кеңесі өткізіліп, аталған жобаның іске асуы бойынша аралық қорытынды берілген.

Аталған кеңесте жобаның іске асуындағы мәселелер талқыланып, жұмысты жандандыру мақсатында ұсыныстар қаралып, бағыт-бағдарлар көрсетілген.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.