You are here

Сәтбаев қаласының прокуратурасымен өндіріп алушыларға көмек көрсететін «Балам» Алименттік орталығы құрылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Сәтбаев қаласының прокуратурасымен өндіріп алушыларға көмек көрсететін «Балам» Алименттік орталығы құрылды - 1003645597

Бас прокуратураның «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асыру аясында Сәтбаев қаласы прокуратурасының бастамасымен сот орындаушылармен бірлесе отырып, құрамына прокуратура қызметкері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар кірген «Балам» Алименттік орталығы (әрі қарай - Орталық) құрылды.

         Орталық алименттік міндеттемелер бойынша сот шешімін орындайтын мамандандырылған жеке сот орындаушысының кеңсесінде орналасқан.

         Орталықтың негізгі мақсаты - өндіріп алушыларға құқықтық көмек көрсету, борышкерлерден алимент өндіруден туындаған мәселелерді жою, көрсетілген  санаттың сот актісін нақты іске асыруға бағытталған шаралар қабылдау болып табылады.

         Орталық құрылғаннан бері 37 азамат (өндіріп алушы) қабылданып, оларға алимент өндіру бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

         Өндіріп алушыны қабылдау кезінде Орталықта атқарушылық іс жүргізу зерделенеді, нақты іс жүргізу бойынша атқарушылық әрекеттердің толық жүргізілгені тексеріледі, сот актісін орындауға бағытталған қосымша шаралар қарастырылады, борышкермен жұмыс жүргізіледі.

         Орталықтың жұмысы алименттік міндеттемелерді орындау бойынша прокуратураға келіп түскен шағымдар санының азаюына әсер етті. Азаю 50%-ды құрады (10-нан 5-ке дейін шағымдар).

         Осылайша, «Балам» Алименттік орталығы алимент өндіру жөніндегі сот актілері бойынша мәселелерді шешуге арналған ашық алаңға айналды. 

           

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.