You are here

Сәтбаев қаласы прокуратурасының ұжымы «Туған жер» марафонын бастады.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Сәтбаев қаласы прокуратурасының ұжымы  «Туған жер» марафонын бастады.  - 767593425

«Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында өңірдің тарихи ескерткіштерімен танысу мақсатында Сәтбаев қаласының прокуратурасы Домбауыл кесенесінен Жошы хан (Джучи хан) кесенесіне дейін 6 км. велосипед жорығын өткізді.

Жорық барысында прокуратура ұжымы Сәтбаев қ. – Малшыбай к. көлік жолынан Жошы хан кесенесіне дейін туристердің далада бағыт табуына мүмкіндік беретін белгі-нұсқағыштар орнатты.  Енді кез-келген адам байтақ далада адаспай, тарихи ескерткіштерге жол тауып бара алады.   

Қысқаша баяндайтын болсақ, Жошы хан кесенесі Сәтбаев қаласынан 50 км. қашықтықта орналасқан. Естеліктерге сәйкес онда ұлы қолбасшы Шыңғысханның үлкен ұлы Джучи (1184-1227) жерленген.

Жошы ханның кесенесінен 6 км. қашықтықта орналасқан Домбауыл кесенесі Қазақстанның исламға дейінгі кезеңіне VII-X ғ.ғ. жататын көне ескерткіштерінің бірі. Кесене ғұндардың кезінде ұлы жауынгер және қобызшы Домбауылға арналып салынған деп есептеледі.

Бұлар - Ұлытау ауданының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар 300-ден астам ескерткіштердің аз ғана бөлігі. Ұлытау – көшпенділердің мәдениеті мен дала өркениетінің орталығы болған. Осы жерде қазақ хандығы мен мемлекеттілігіне қатысты ұлттық тарихтың маңызды оқиғалары өткен.

Біздің бұл шарамыздың мақсаты – ұжымның патриоттық және корпоративтік рухын нығайту.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез-келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі», - деп көрсеткен.

Бүгін біз «Туған жер» марафонын бастадық. Бұл марафонда өздеріңіз тұрып жатқан, қызмет етіп жатқан өңірдің көрікті жерлері, тарихи ескерткіштері туралы ақпаратпен бөлісу қажет.

Қосылыңыздар!

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.