You are here

ПРОКУРОРМЕН КЕЗДЕСУДІ ТАЛАП ЕТІҢІЗ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Енді азаматтар полиция ғимараттарындапрокурормен кездесуді талап ете алады, сонымен қатар қылмыстық істі тергеп-тексеру мерзімі әлдеқайда қысқартылады.

Қазіргі таңда, азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірігіп «Қылмыстық процесті азаматтардың мүддесіне оңтайландыру» атты пилоттық жобасы жүзеге асыруда. 

Жобаның мақсаты – қылмыстық процесті оңайлату және жеделдету, заманауи технологияларды енгізу арқылы азаматтардың қорғалуын арттыру.

Ол үшін Қарқаралы ауданының ІІБ-де қылмыстық істерді тез арада қарауды қамтамасыз ететін  прокурорлар болады.Енді тергеушіге прокуратураға барудың қажеті жоқ – барлық қажетті процессулдық шешімдер сол орында қабылданатын болады, кезекші прокурор істі сотқа жіберу, айыптау актісін немесе айыптау хаттамасын бекіту өкілеттігіне ие болады. Бұл тергеушінің уақытын үнемдейді, ол қылмысты ашуға көп көңіл бөлетін болады. Бірақ ең басты мақсаты – азаматтардың құқықтарының бұзылу фактілері азаятын болады, енді қылмыстық процеске«тартылған» азаматқа прокуратураға барып өтініш жазудың қажеті жоқ, егер ол өзінің құқықтары бұзылып жатыр деп есептесе,бірден сол полиция ғимаратында прокурормен кездесуді талап ете алады. Егер бұзушылықтар орын алған жағдайда кезекші прокурор дереу шара қолдануға міндетті болады, әрине, бұл азаматтардың құқықтарын қорғауды тездетуге айтарлықтай әсер етеді.

Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру мерзімдері айтарлықтай қысқартылады - теріс қылықтар бойынша - 2 тәулікке дейін, сотқа дейінгі жеңілдетілген тергеп-тексеру түрінде (әрі қарай мәтін бойынша - СЖТ)в форме упрощенного досудебного расследования (далее по тексту — УДР) - 10 тәулікке дейін,кінәні мойындау туралымәміле нысанындағы процестік келісім жасасу жөніндегі өтінішпен істі прокурорға жіберу – 1 тәулік мерзімде. Ал бұрын аталған істер айлар бойы тергелетін болған. 

Прокурормен қаралатын істердің мерзімдері де қысқартылады –қылмыстық теріс қылықтар бойынша – 6 сағатқа дейін, СЖТ тәртібінде – 1 тәулікке дейін, процессулдық келісім түрінде – 3 тәулікке дейін, яғни бұл мерзімдер прокурорларға 3 есе қысқартылды.

Сонымен қатар, жауап алу мен беттестірудіарнайы видиокамералармен жабдықтандырылған тергеу кабинеттерінде өткізу, полиция қызметкерлері ұстау және заттай дәлелдемелерді алу кезінде видиотіркеу жабдықтарын қолдану тәжірибесін енгізу мәселесі шешіліп жатыр.

Осы іс-әрекеттердің барлығы азаматтардың құқықтарының бұзушылықтарына әкеліп соғуына жол бермеуі тиіс. 

 Қарқаралы ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.