You are here

«Оралу - Возвращение в общество» жобасы жүзеге асырылуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Оралу - Возвращение в общество» жобасы жүзеге асырылуда  - 1176128825

Жобаның басталуына қылмыстық жаза өтеген немесе әлі де өтеп жатқан тұлғаларды әлеуметтендіру мәселелерімен айналысатын уәкілетті органдардың жұмыстарының үйлестірілмеуі және қайталама қылмыстар санының артуы негіз болған.

Жоба мақсаты – мүдделі органдардың өзара бірлесе жұмыс жасау тетіктерін айқындау жолымен сотталған тұлғаның әлеуметтік ортаға қиындықсыз енуін қамтамасыз ету.

Осыған дейін Пробация қызметінде жұмыспен қамту орталығының, білім және денсаулық қорғау салаларының мамандарынан тұратын, ақпараттық-консультативтік қызмет көрсететін Кризистік орталық ашылған болатын.

Оның жұмысы бірқатар елеулі нәтижелерге жетуге ықпал етті: Орталыққа көмек сұрап келген 52 тұлғаға жұмысқа орналасуда, құжаттануда, медициналық және білім қызметтерін алуда көмек көрсетілген. Тұратын жерлері жоқ босап шыққан тұлғалар мемлекеттік және жеке меншік бейімдеу орталықтарына орналастырылған.

Жобаны жүзеге асыру барысында Кризистік орталықтардың, барлық мәліметтер қорымен жабдықталуына байланысты қажет етілетен қызметтердің кез-келген түрін тиімді көрсету мүмкіндігі бар, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс жасаулары қолайлы екені анықталды.

Осыған байланысты, Біз бүгін Қарағанды қаласының ХҚКО-да «бір терезе» принципі бойынша, пробация қызметінде тіркеуде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар үшін Кризистік орталық ашып отырмыз.

Жобаның жүзеге асырылуы пробация қызметінің Кризистік орталығының тиімді жұмыс жасауын, көмектің қолжетімді болуын және тұлғаларды әлеуметтендірумен айналысатын уәкілетті органдардың үйлесімділігін арттырады деп сенеміз.

 

Қарағанды облысы

прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.