You are here

Октябрь ауданының прокуратурасында «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік –жеке меншік серіктестікті дамыту» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Октябрь ауданының прокуратурасында  «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік –жеке меншік серіктестікті дамыту» атты дөңгелек үстел өткізілді. - 1315645317

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бизнесті дамыту  және бұқаралық бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған Жол картасының «Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту» жобасын іске асыру мақсатында  Октябрь ауданының прокуратурасында  «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік –жеке меншік серіктестікті дамыту» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Талқылауға : Қарағанды қаласының әкімдігі, «Қарағанды қаласының білім беру бөлімі» ММ, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы,  жеке меншік балабақшалардың өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта қолданыстағы балабақшалардың санынан асып, 25 мыңнан астам бала кезекте тұр.

Бұл мәселені мемлекетік-жеке меншік серіктестік арқылы шағын балабақшалар мен шағын орталықтар ашып, мектепке дейінгі білім берумен қамтылған балалар санын көбейту арқылы шешуге болады, бірақ кезек азайған жоқ, ( себебі бала жеке меншік балабақшаға барып жүріп, мектепке дейінгі мемлекеттік орында кезегі сақталады.)

Мысалы, 2016 жылы 10 жеке және мемлекеттік «Шаңырақ» балабақшасы ашылып, оған мемлекеттік тапсырыс бойынша  1266 орын орналастырылған.

Ағымдағы жылы 1 балаға қолданыстағы мемлекеттік тапсырыс тарифін арттыру арқылы мәселені шешіп,  осылайша жеке меншік балабақша мен мемлекеттік балабақшадағы  ата-аналардың айлық алымдарын 11 000 теңгеге теңестіру жоспарланып отыр.

2017 жылы 17 жеке меншік балабақша ашып, оған мемлекеттік тапсырыс арқылы 1685 орын орналастыру жоспарланып отыр. (2018 жылы -6 жекеменшік балабақша, 2019 жылы – 3 жекеменшік балабақша)

Мәселені аудандық прокуратурамен талқылау барысында, құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелер көрсетіліп, жекеменшік балабақшалар өкілдерінің пікірі тыңдалып, сонымен қатар осы саладағы мемлекет пен жеке кәсіпкерлік пайдасы талданып, аталған жобаны 2017 жылдың 1 маусымында енгізу жоспарланып отыр.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.