You are here

Облыс прокуратурасы сотталған тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында түзеу мекемелерінде және пробация қызметтерінде тексерістер өткізді.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы сотталған тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында түзеу мекемелерінде және пробация қызметтерінде тексерістер өткізіп, қылмыстық-атқару заңнамасының бұзылуының көптеген деректерін айқындады.

Мысалы, Долинка кентінде орналасқан АК-159/7 мекемесі басшысының сотталған К.Прутовты өндірістік аумақтағы жұмыс орнынан рұқсатсыз кеткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы негізсіз қаулысы бұзылды.

Сотталғандарды қоныс колониясына ауыстыру және жазаны неғұрлым жеңілірек жаза түріне ауыстыру шараларын қолдануда да заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, Көксу кентінде орналасқан АК-159/9 мекемесінің әкімшілігі сотталған А.Шалованың өтелмеген жаза бөлігін неғұрлым жеңілірек жазаға ауыстыру туралы өтінішін ұзақ уақыт бойы қабылдамаған.  

Сотталған Г.Қонақбаева да қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш беру құқығын бір жылдан астам уақыт жүзеге асыра алмаған.

Аумақтық пробация қызметтері статистикалық есептерді бұрмалап, тіркеуде тұрған 42 тұлғаның қайталама қылмыс жасау деректерін жасырған.

Орын алған заң бұзушылықтарға келешекте жол бермеу мақсатында облыс прокуратурасы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының атына ұсыныс енгізді. Аталған ұсыныс оперативтік кеңесте қаралып, оған қатысқан прокуратура қызметкерлерінің талабы бойынша, аумақтардың пробация қызметтерінің 8 басшылары тәртіптік жазаға тартылды, оның ішінде 3-не атқарып отырған лауазымдарына тиісті деңгейде сәйкес келмейтіндері жарияланды. 

Прокурордың ролін арттыру мақсатында түзеу мекемелерінде сотталғандарды күнделікті қабылдайтын прокурорлардың кабинеттері ашылды.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.