You are here

Керней ауылындағы девиантты мінез-құлықты балалармен ауқымды шара өтті.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Керней ауылындағы девиантты мінез-құлықты балалармен ауқымды шара өтті. - 1285843996

Бұқар жырау аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен Керней ауылындағы девиантты мінез-құлықты балалармен ауқымды шара өтті.

Аталмыш шараға Бұқар жырау ауданының прокуроры Ж.Сыздықов, прокурор А.Аринова, орталық аурухана психологы, жұмыспен қамту бөлімінің сектор меңгерушісі, Бұқар Жырау ауданының ІІБ жергілікті полиция қызметінің Ювенальді тобының аға инспекторы, спорт бөлімінің қызметкері, орталық аурухана дәрігерлері, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.

Бұқар жырау ауданының прокуроры Жандос Сыздықов балалардың шараға белсенді  қатысуларын сұрап, осы мамандармен арнайы кездесу ұйымдастырылып отырғанын, әрбір бала өзін ойлантып, толғандырып жүрген мәселелерін әрбір сала маманына оңашада салып, толық жауап ала алатындарын айтты.

Мұнан соң балалар дәрігерлердің, психологтың қабылдауында болды. Біршама уақыттан соң олар акті залына жиналды.

Прокурор Аринова Айжан балалармен "Өзіңді өзің қорға" атты тренинг өткізді. Слайд арқылы балаларға түрлі жағдайларды көрсетіп, осындай жағдайға тап болған кезде не істеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріп айтты.

Онан әрі жалғасын тапты. ІІБ жергілікті полиция қызметінің Ювенальді тобының аға инспекторы балаларға заңды құрметтейтін азаматтар болып өсіңдер деген тілегін айтты.

Жұмыспен қамту бөлімінің қызметкері балаларға мамандық алу - өмір талабы екендігін, табиғаттың заңы бойынша ұл ержетіп, қыз бойжетіп еңбек ету керек екендігін, ол үшін адамның мамандығы болуы керек екендігін түсіндірді.

 Осы күні ол балаларға "Құм анимациясы" жанрын да көрсетті. Балалар мен тәрбиешілер құммен сурет салудың қыры мен сырына үңіліп, таңдай қақты.

Ал балалар түскі астарына барып келгеннен кейін спорт залында үлкен мереке орын алды. Теннис пен дойбы, арқан тартыстан сайыстар өткізілді.

Балаларды серіктестікке, достыққа, бір-біріне көмек қолын созуға баулыған үлкен спортттық шара қуанышты көңіл-күйде тәмам болды.

Тыңдармандар қошеметіне бөленген әншілер, әннің әсем сазымен тәрбиеленушілерге  керемет көңіл-күй сыйлады.

  

Керней ауылындағы девиантты мінез-құлықты балалармен ауқымды шара өтті. - 449009235
Керней ауылындағы девиантты мінез-құлықты балалармен ауқымды шара өтті. - 901923206
Керней ауылындағы девиантты мінез-құлықты балалармен ауқымды шара өтті. - 909456252
Керней ауылындағы девиантты мінез-құлықты балалармен ауқымды шара өтті. - 1228121382

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.