You are here

Қарағанды облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері көпжақты және олар құжаттарды табыстау, жекелеген процессуалдық әрекеттерді жүргізу, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, тұлғаларды ұстап беру (экстрадиция), транзиттік тасымалдау, сотталған, оларға қатысты медициналық сипаттағы шаралар қолданылған психикалық ауытқулары бар тұлғаларды қайтару, үкімдерді тану және орындау түрінде бола алады.

Қазақстанның басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық аясы күннен күнге кеңейуде. 

Бекітілген келісім-шарттарға және Қазақстанның ұлттық қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қылмыстық істерге қатысты құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша функцияларды жүзеге асыратын  Орталық орган - Бас прокуратура немесе уәкілетті прокурор болып табылады.

Осыған байлананысты, қылмыстық көмек көрсету туралы материалдарды Бас прокуратураға облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілігендер ұсынады.

2016 жылы және 2017 жылдың 1-тоқсанында Қарағанды облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы, басқа мемлекеттерде анықталған Қазақстан Республикасының іздеудегі азаматтарын қайтару туралы 13 өтініштер жолдады.

Өткен жылдарда жолданған өтініштермен бірге, шетелдік мемлекеттер облыс прокурорының қайтару туралы 15 өтініштерін қанағаттандыруының нәтижесінде Қарағанды қ. Тергеу изоляторына 15 тұлға жеткізілді. Олардың 3 жәбірленушінің залалын өтеп, татуласуына байланысты, оларға қатысты қылмыстық істер қысқартылған, 1- қатысты іс 2016 жылғы рақымшылық актісі бойынша қысқартылған, 3 тұлға бас бостандықтарынан нақты айырылған, 3 тұлға жазаны өтеуден жалтаруларына байланысты іздеуге болғандықтан бас бостандығынан айыру орындарына жолданған. 5 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

3 тұлғаны қайтару туралы өтінішті, шетелдік мемлекеттің құзырлы органы, ол тұлғаларға қатысты сол мемлекеттің аумағында қылмыс жасау дерегі бойынша тергеу өткізіліп жатуына байланысты, кейінге қалдырды.

Шетелдік мемлекет тергеп жатқан істер бойынша шешім қабылданғаннан кейін, талап етілген тұлғалар Қазақстанға қайтарылады.

Олармен экстрадиция туралы келісім-шарт бекітілмеген мемлекеттермен тұлғаларды қайтару мәселелері халықаралық құқық саласында кеңінен қолданылып жүрген өзаралық принципінің негізінде қаралады.

Осы принципті негізге ала отырып, облыс прокуратурасы Бас прокуратура арқылы, олармен келісім-шарттар бекітілмеген екі мемлекетке іздеудегі тұлғаларды қайтару туралы 2 өтініш жолдады.

Аталған өтініштер шетелдік мемлекеттердің құзырлы органдарында қаралуда.

Сонымен қатар, аталған кезеңде облыс прокуратурасы облыстың құқық қорғау органдарының құқықтық көмек – жедел-оперативтік шаралар өткізу туралы өтініштерін қарап, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы 81 халықаралық тапсырмалар жолдады. 

Облыс прокуроры 07.10.2002 ж. «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Ковенциямен бекітілген құзырларына сәйкес шетелдік мемлекеттерге қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы 23 тапсырмалар жолдады.

Ағымдағы жылы шетелдік мемлекеттердегі әріптестеріміз облыстың құқық қорғау органдарының құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырмаларының 85 бойынша материалдар жолдады.

Облыстың қылмыстық қудалау органдарына шетелдік мемлекеттердің құқық қорғау органдарынан түскен 50 тапсырмаларының 47 орындалды.

Облыс прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы, шетелдік мемлекетке (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы) оның азаматы болып табылатын тұлғаға қатысты қылмыстық қудалау жүргізу туралы өтініш берілген 5 қылмыстық істерді жолдады. Келісім-шарттың (Конвенция) ережелеріне сәйкес мемлекеттің азаматтары басқа елдерге берілмейді, алайда, ол мемлекет қылмыстық істі өзінің өндірісіне қабылдап, тергеп, талап етіп отырған тарапқа нәтижелерін хабарлауға міндетті.

Аталған қылмыстық іс шетелдік мелмекеттің тиісті органының тергеуінде.

Талданып отырған кезеңде Өзбекстан Республикасының соты Жезқазған қ. адам өлтірген екі Өзбекстан азаматын ұзақ мерзімдерге соттады. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтінішті облыс прокуратурасы 2015 ж. жолдаған болатын.

Прокуратура органдарының құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыстарын үйлестіру нәтижесінде қылмыстық істер бойынша әділдік орнауына қол жеткізіліп, азаматтар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтірілуіне жол берілмегенін атап өту қажет. Кінәлі тұлғалар жазаға тартылды (тартылады), қылмыстарымен келтірілген залалды өтеді және лайықты жазаларын өтеп жатыр.

 

Қарағанды облысы прокурорының

Халықаралық шарттардың қолданылуын

қамтамасыз ету жөніндегі аға көмекшісі

аға әділет кеңесшісі                                                                              Ә.Қосанов 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.