You are here

Ақтоғай ауданы прокурорына алғыс.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақтоғай ауданы прокурорына алғыс. - 90750197

Мен Тойшыбеков Мұратбек, сонау 1954 жылдан бері, Ақтоғай ауданы «Жосалы» шикізат дайындау мекемесіне қарасты қосалқы ауыл шаруашылық мал бордақылау бөлімшесінде малшы болып жұмыс жасап келгемін. Осы уақыт бойы «Жосалы» мал бордақылау бөлімшесінің жерінде малшыларға арналған екі үйдің біреуінде 30 жыл бойы тұрып келемін. Алайда, тұрып жатқан үйімнің және жер телімінің құжаттарын заңдастыру үшін бірнеше рет аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне өтіңгенімде мәселем шешілмеген еді. Содан келе ешкімнен әділеттілік таппай,соңғы үмітімді Ақтоғай ауданы прокуроры Мұқанов Ғалымжан Мылтықбайұлына осы шешілмей келе жатқан мәселемді заңды түрде шешіп беруін сұрап, алдына бардым. Аудан прокуроры менің мәселемді мұқят тыңдап, шешілмей келе жатқан мәселемді заң аясында шешілуіне қолдау көрсетті. Өз кезегінде аудан прокурорына көрсеткен ықпалы үшін өзімнің және отбасымның атынан үлкен ризашылығымды білдіріп, шексіз алғысымды айтамын!

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.