You are here

Қарағанды облысы прокурорының орынбасарылары - Жарылғасов Әспенби Жолдасұлы, Жанахметов Нұркен Қаткенұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жарылғасов Әспенби Жолдасұлы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылдың 27-сәуіріндегі бұйрығымен Жарылғасов Әспенби Жолдасұлы Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалған.

Жарылғасов Ә.Ж. 1963 жылдың 10-қыркүйегінде Өзбек КСР Джизақ облысының Мирзагул ауданының Гагарин қаласында дүниеге келген.

Прокуратура органдарында қызметін 1987 жылы бастаған.

1987 жылдың қаңтар айынан қыркүйек айы аралығында – Гурьев облысының Балықшы ауданы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы, аталған прокуратураның тергеушісі;

1987 жылдың қыркүйек айынан 1988 жылдың қыркүйегі аралығында - Гурьев облысының Балықшы ауданы прокурорының көмекшісі, аталған прокуратураның тергеушісі;

1988 жылдың қыркүйек айынан 1990 жылдың мамыры аралығында – Гурьев қаласы прокурорының көмекшісі;

1990 жылдың мамыр айынан 1991 жылдың наурызы аралғында – Гурьев облысы прокуратурасының аға тергеушісі;

1991 жылдың наурыз айынан 1993 жылдың сәуірі аралығында - Гурьев облысы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі;

1993 жылдың сәуір айынан 2001 жылдың ақпаны аралығында – Атырау облысының Мақат ауданының прокуроры;

2001 жылдың ақпан айынан мамыр айы аралығында – Атырау облысы прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметінде заңдылық сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы;

2001 жылдың мамыр айынан 2002 жылдың маусымы аралғында – Атырау облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары;

2002 жылдың шілде айынан 2008 жылдың қарашасы аралығында – Атырау облысы прокурорының орынбасары;

2008 жылдың қараша айынан 2015 жылдың сәуірі аралғында – Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары;

2015 жылдың сәуірінен бүгінгі күнге дейін – Қарағанды облысы прокурорының орынбасары.

 

Жанахметов Нұркен Қаткенұлы

Қазақстан  Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 07-шілдедегі бұйрығымен Қарағанды облысы прокурорының орынбасары лауазымына Жанахметов Қаткен Нұркенұлы тағайындалды.

Жанахметов Нұркен Қаткенұлы 1965 жылдың 17-шілдесінде Павлодар облысының Баянауыл ауданының Октябрь селосында дүниеге келген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1988 жылы бастаған.

1988 ж.- 1991 ж. мамыр айына дейін – Павлодар көлік прокуратурысының тергеушісі.

1991 ж. – 1992 ж. наурыз айына дейін – Павлодар көлік прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі.

1992 ж. – 1994 ж. – Кокшетау көлік прокуроры.

1994 ж. - 1996 ж. – Көкшетау қ. прокуроры.

1996 ж. - 1997 ж. – Көкшетау облысы прокурорының бірінші орынбасары.

1997 ж. - 1998 ж. – Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Көкшетау қ. прокуроры.

1998 ж. - 2001 ж.  – Көкшетау қ. прокуроры.

2001 ж. - 2004 ж. – Ақмола облысының Степногорск қ. прокуроры.

2004ж. - 2005 ж. – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі.

2005 ж. - 2009 ж. – Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары.

2009 ж. - 2012 ж. – Павлодар обласы прокурорының орынбасары.

2012 ж. - 2015 ж. – Павлодар қ. прокуроры.

2015 ж. 7-шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін – Қарағанды облысы прокурорының орынбасары.

 

 

 

 

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.