Қылмыстық процесті азаматтардың мүддесіне оңтайландыру | Қарағанды облысының прокуратурасы

You are here

Қылмыстық процесті азаматтардың мүддесіне оңтайландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен «Қылмыстық процесті азаматтардың мүддесіне оңтайландыру» атты жобасы жүзеге асырылуда.

        Жобаның басты мақсаты – қылмыстық процестің азаматтардың мүдделеріне бағытталған оңтайлы моделін қалыптастыру және қылмыстық процесті сандық форматқа көшіру болып табылады.

        Осы жобаның негізінде қылмыстық іс жүргізу мерзімдері қысқартылған, яғни теріс қылықтар бойынша - 2 тәулікке дейін, сотқа дейінгі жеңілдетілген тергеп-тексеру түрінде (әрі қарай мәтін бойынша - СЖТ) - 10 тәулікке дейін,кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасу жөніндегі өтінішпен істі прокурорға жіберу – 1 тәулік мерзімде. Ал бұрын аталған істер айлар бойы тергелетін болған. 

Прокурормен қаралатын істердің мерзімдері де қысқартылған –қылмыстық теріс қылықтар бойынша – 6 сағатқа дейін, СЖТ тәртібінде – 1 тәулікке дейін, процессулдық келісім түрінде – 3 тәулікке дейін, яғни бұл мерзімдер прокурорларға 3 есе қысқартылды.

        Осы көрсеткіштерге жету үшін Қарақаралы аудандық ішкі істер бөліміндегі прокурор бөлмесі жабдықталып, кезекші прокурордың жұмысы ұйымдастырылған. Кез-келген тұлға өзінің құқықтары бұзылғандығын байқаса, бірден ІІБ-дегі прокурордың бөлмесінде қабылдауда болып, шағымын, өтінішін жазбаша немесе ауызша жеткізе алады.

        Сонымен қоса тергеушілерге прокуратураға барудың қажеттілігі азайды, енді тиісті шешімдер ІІБ-дегі прокурор бөлмесіндегі кезекші прокурормен қабылданады. Демек, тергеушілер тергеу амалдарын жүзеге асыруға көп уақытын бөле алады. Прокуратура прокурорларлары айыптау актілерін өздері бекітіп, істі өз қолдарымен сотқа жолдау құқығына ие болды. Бұрындары аталған шаралар тек аудан прокурорының қолымен бекітілетін.

      Аталған шаралар қылмыстық процесті азаматардың мүддесіне қарай оңтайландырып, қылмыстық процеске тартылған тұлғалардың құқықтарын барынша тиімді қорғауға бағытталған.

 

 

Қарқаралы ауданының прокуратурасы

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.