Құрметті кандидаттар! | Қарағанды облысының прокуратурасы

You are here

Құрметті кандидаттар!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жақын уақытта Қарағанды облысының прокуратурасымен аудандық прокуратуралардың прокуроры лауазымына орналасу үшін конкурс жариялау жоспарлануда (лауазым санаты C-RGP-5).

Конкурс Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады (Бас Прокурордың 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығы).

Конкурс жарияланғанға дейін кандидаттарды алдын-ала іріктеу және зерделеу жүргізіледі (Бас Прокурордың 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына сәйкес).

Ол үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін кандидаттар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тесттен және жеке қасиеттерін бағалаудан өту қажет (тесттің бірінші бағдарламасы бойынша). Өтінішті «электронды үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болады.

Бұдан әрі қажетті құжаттарды (сауалнама; өмірбаян; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; нотариалдық куәландырылған бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi; 3х4 үлгідегі 2 фотосурет; азаматтың және оның жұбайының немесе зайыбының табыстары мен мүліктері туралы декларацияны табыс еткенін растайтын құжаттар; тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы құжаттың көшірмесі) тапсырып, прокуратурада заңнаманы білуге арналған тестілеуден өту, қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өту, сондай-ақ міндетті арнайы тексерістен өту қажет.

Аталған рәсімдерден өтуге арналған жолдамалар Қарағанды облысы прокуратурасының кадр қызметімен кедергісіз беріледі.

Тілек білдірушілер бүгінгі күннен бастап Қарағанды облысының прокуратурасына Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а мекен-жайы бойынша және 35-35-95 телефоны бойынша жүгінуіне болады.

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.