You are here

«Қайырылымдылық – қадірлі іс»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Қайырылымдылық – қадірлі іс» - 2116443813

Жаңаарқа ауданы прокуратурасының ұжымымен, аз қамтылған отбасыларына, көмекке мұқтаж жандарға материалдық және басқа да жағынан көмектер көрсетіліп тұрады.

Мәселен, Әділханов Асылхан Қапиятұлы 2016 жылы аудан прокуроры қызметіне тағайындалғаннан кейін, аудан бойынша 2 кент және 12 ауылдық округтерді, шалғай елді мекендері аралап, халықпен кездесіп, олардың тұрмыстық жағдайымен танысты.

Халықпен кездесуде, аудан прокуроры тұрғындардың мұн-мұқтаждарын тыңдап, әрдайым оларға қолдау көрсететінін жеткізді.

Осы кездесу нәтижесімен, аудан прокуроры 2016 жылы Ералиев ауылының көмекке мұқтаж 5 отбасының әр қайсысына 6 тоннадан көмір түсірген болатын. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына жыл сайын осындай көмек көрсетуге сөз берген.

Биылда,аудан прокуроры А.Қ.Әділханов  берген сөзінде тұрып, аталған ауылдың 7 отбасына 5 тоннадан көмір түсіріп берді. Түсірілген көмірді өзі бақылап, ауылға барып қайтты.

Одан басқа, көрсетілген ауылдың аз қамтылған отбасыларымен кездесу өткізіп,теледидарға мұқтаж болып отырған жалғыз басты ауыл азаматшасына аудан прокуратурасының ұжымы атынан көмек ретінде теледидар сыйлады. Сонымен қатар, ауылдың бір азаматшасын жұмыспен қамтамасыз ететін айтты.

Осылай аудан прокурорының халыққа қол ұшын созып, көмек көрсеткені үшін ауыл тұрғындары бұқаралық ақпарат құралдары «Жаңаарқа», «Орталық Қазақстан» газеттеріне алғыстарын білдірді.

 

 

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі

 

«Қайырылымдылық – қадірлі іс» - 183537062
«Қайырылымдылық – қадірлі іс» - 1258396717

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.