Қарағанды облысының прокуратурасында электрондық қылмыстық істі енгізу мәселесі талқыланды | Қарағанды облысының прокуратурасы

You are here

Қарағанды облысының прокуратурасында электрондық қылмыстық істі енгізу мәселесі талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қарағанды облысының прокуратурасында электрондық қылмыстық істі енгізу мәселесі талқыланды  - 806514344

Қарағанды облысының прокуратурасында «Электрондық қылмыстық істі» енгізу мәселесіне арналған кеңес өткізілді.

Кеңес Бас прокуратура өкілінің, сонымен қатар, қадағалау органының облыстық аппарат қызметкерлерінің және облыстың құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өтті.

Кеңесте құқық қорғау органдарының қылмыстық іс жүргізуді жаңғырту туралы Заңның қылмыстық істі электрондық тергеу тетіктерін енгізу бөлігінің қағидаларын жүзеге асыруға дайындықтары талқыланды.

Қатысушылар қылмыстық істерді аталған нысанда тергеу, қылмыстық іс жүргізу барысында оның барлық мән-жайларының жан-жақты, толық және объективті зерделенуін қамтамасыз ету мақсаттарына жетуге ықпал ететінін  атады. Сонымен қатар, бұл шара іс материалдарының процеске қатысушылардың барлығына бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, тергеу барысын онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Кеңес нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарын техникалық тұрғыдан арнайы құрылғылармен жабдықтауға қатысты бірқатар шешімдер қабылданды.

 

 

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Қарағанды облысының прокуратурасында электрондық қылмыстық істі енгізу мәселесі талқыланды  - 723067009
Қарағанды облысының прокуратурасында электрондық қылмыстық істі енгізу мәселесі талқыланды  - 1797218510

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.