You are here

Қарағанды облысының прокуратурасы, Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а, индекс 100000 (телефон/факс:35-35-95), бос лауазымға конкурс жариялайды:

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

1. Ақтоғай ауданының прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бірлік);

2. Қарқаралы ауданының прокуратурасының прокуроры  C-RGP-5 (1 бірлік);

3. Шет ауданының прокуратурасының прокуроры  C-RGP-5 (1 бірлік).

Конкурсқа қатысушыларға біліктілік талаптар: жоғарызаңбілімі бар; денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.

Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 76 235 тенге).

Функционалдық міндеттері: қоғамдық мүдделерді қорғау, үкімдерді орындау бойынша прокурорлық қадағалауды жүзегеасыру, сотта мемлекеттің мүддесін білдіру, сонымен қатар мемлекет атынан қылмыстық құдалауды іскеасыру. Негізгі міндетермен қоса, прокуратураның барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын міндеттерді орындау.

Конкурс «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесінің (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде 2014 жылғы 4 шілдеде № 9561 болып тіркелген)  негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін аталған Ережеде көрсетілген құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а, индекс 100000 (телефон/факс:35-35-95) мекен-жайы бойынша тапсырылуы тиіс.

Тапсырылатын құжаттар олардың тізімімен қоса тезтігіндег ішкесалыну қажет.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мынадай құжаттарды тапсырады:

1)      белгілі нысанаға сәйкес өтініш;

         2)      белгілі нысанаға сәйкес сауалнама;

         3)      белгілі нысанға сәйкес (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іспарағы;

         4)      жақынтуыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, белгілі нысанаға сәйкес толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

         5)      Қазақстан Республикасы азаматының жекебасын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

         6)      бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

         7)      еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

         8)      әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

         9)      3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

         10)    құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат;

11)    «Сыбайлас жемқорлық қақарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оныңжұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

         12)    конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

         13)    прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

         14)    құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы біржылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

         15)    соңғыжұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат береалады.

 

18.06.2018 жылы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.