Қарағанды облысының прокуратурасы 2018 жылғы І-жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелерін қорытындылады | Қарағанды облысының прокуратурасы

You are here

Қарағанды облысының прокуратурасы 2018 жылғы І-жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелерін қорытындылады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қарағанды облысының прокуратурасы 2018 жылғы  І-жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелерін қорытындылады - 1289789510

Қарағанды облысының прокуратурасында алқа отырысы өтіп, онда 2018 жылғы І-жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері қорытындыланды.

Өткен кезең ішінде прокурорлар 66 мың азаматтың құқығын қорғағаны атап өтілді.

Ден қою шараларымен 5 кәсіпорынның 737 жұмыскеріне65,7 млн. теңгеге берешек өтелді.

Ірі кәсіпорындарда еңбек заңнамасының мыңдаған бұзушылықтары анықталды. 200 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік ретте жазаланды.

Атап айтқанда, тексерілген кәсіпорындарындың барлығында дерлік өз ресурсын өтеген техникалық құралдар алмастырылмауда.

Мысалы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Саранская» және «Күзембаев» шахталарында 400 техникалық құрылғының пайдалану мерзімдері ескірген. Осы кәсіпорынның «Қазақстан» шахтасында түрлі 3402 жабдықтың 1930-ы 100% тозған.

Осы тектес бұзушылықтар «Қазақмыс» Корпорациясы» және «Өркен» ЖШС-нде анықталды.

Халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарын қорғау аясында мүмкіндігі шектеулі 643 азаматтан негізсіз ұсталған салықтар қайтарылды.

Прокурорлардың актісі негізінде Табиғи монополиялар саласындағы Департамент 45 мыңнан астам тұтынушыға 170 млн. теңге сомаға шығынды өндіру бойынша өтемдік тариф енгізілді.

Тұрмыстық және қауіпті қалдықтар айналысы өңірдің экологиялық проблемаларының бірі болып қалуда. Тексерістермен оларды көму және жою кезінде көптеген бұзушылықтар анықталды. Облыстың 202 полигонының тек 37-сі заңдастырылғаны анықталды. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалау актілері енгізілді.

Азаматтық істерге қатысу барысында прокурорлар 1,4 млрд. теңгеге мемлекет мүдделерін қорғады.

Атап айтқанда, облыс прокурорының ұсынуы негізінде «СтальСнаб-KZ» ЖШС-нің 478 млн. теңгеге ҚҚС және айыппұлды қайта есептеу туралы хабарламаны даулау туралы шешім бойынша кассациялық наразылық қанағаттандырылды.

Қылмыстық процесс бағытында ұсталғандар 2 есе азайды (729-дан372-ге дейін), прокурорлар тергеу изоляторларынан босатқандар саны екі есе көбейді (19-дан45-ке дейін).

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс аумағында электрондық сот жүргізу енгізілді. Жаңа форматта 92 қылмыстық іс тергелуде.

Істерді апелляциялық саты сотында қарау кезінде 33 азаматтың құқығы қорғалды.

13 млн. теңгеден астам сомаған қылмыстық айыппұлдар екі есе көп орындалды (45-тен 72-ге дейін).

Құқық қорғау қызметтері орталығы базасында мыңнан аса азаматқа құқықтық көмек көрсетілді.

Алқа қорытындысымен өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті ары қарай қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

 

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.