Қарағанды облысы прокуратурасында айыппұлдарды өндіру мәселелері талқыланды

21 маусым 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қарағанды облысы прокуратурасында айыппұлдарды өндіру мәселелері талқыланды - 439224022

Бүгін Қарағанды облысының прокуратурасында мемлекеттік органдар мен сот орындаушыларының мемлекет кірісіне  айыппұлдарды және залалды өндіру жұмыстарының тиімділігі мәселесіне қатысты алқа отырысы өткізілді..

Алқада Ішкі істер департаментінің, Әділет департаментінің және облыстық жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасының басшылары есеп берді.

Отырыста сот орындаушылары мен уәкілетті органдардың бюджетке өндіру тиімділігін 20% түріндегі төмен деңгейге жеткізген, жүйелі сипат алған бұзушылықтары талқыланды. 

Прокурорлық тексерістердің нәтижесінде бюджетке жалпы 3,3 млрд. теңге сомасында берешектері бар 1400 азаматтың аттарына тіркелген мүліктері және тұрақты табыс көздері болуына қарамастан, мемлекетке тиісті сомалардың өндірілмегенінің  анықталуы -  сот орындаушылары мен уәкілетті органдардың жұмысты тиісті түрде жүргізбеулерінің дәлелі болып табылады.

Тексерістердің нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты 7 қылмыстық істер қозғалып, прокурорлық қадағалау актілерімен 21,2 млн. теңге сомасын құрайтын 235 атқарушылық іс жүргізу құжаттарының аяқталуына қол жеткізілді.

Алқа отырысының нәтижелері бойынша мақсаттар айқындалып, бұзушылықтарды жоюға бағытталған шаралар белгіленді.

 

 

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Қарағанды облысы прокуратурасында айыппұлдарды өндіру мәселелері талқыланды - 1117833152
Қарағанды облысы прокуратурасында айыппұлдарды өндіру мәселелері талқыланды - 727532694

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу