You are here

Еңбегі ел есінде.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Еңбегі ел есінде. - 471100411

Балқаш қаласының прокуратурасы, пракуратура органдарының ардагері,  өмірін мемлекеттік қызметке арнаған жерлесіміз, марқұм Науанов Жандос Бегетайұлын еске алуға арналған шағын футболдан  турнир өткізді.

Жандос Бегетайұлы  2003 жылдан 2012 жылға дейін Балқаш қаласының прокуротурасында қызмет етті. 2012 жылдан 2016 жылға дейін Қарағанды облысының прокуратурасында қызмет атқарды.       

2016 жылдың сәуір айынан бастап 2017 жылдың мамыр айына дейін Қаражал қаласының прокуроры болды.

Отанымызға сіңірген зор еңбегіне байланысты, құқықтық мемлекетті құруға, заң сәйкестігін және  заң тәртібін қорғауға сіңірген жеке еңбегі үшін 4 мәрте марапатталды.

Бірге қызмет еткен әріптестері Жандостың жоғары кәсіби маман екенін және сүйікті мамандығына адал қызмет еткенін айтады.

Жандос Бегетайұлы облыс прокуратурасы өткізген барлық іс шараларға ат салысып жүрді. Әріптестерінің алдында беделді болды. Салауатты өмір салтын ұстанды. Жас мамандарға әрқашанда көмек жасап, өзінің бар  білгенін әрқашанда үйрете білді.

Балқаш қаласының прокуротура қызметкерлері, барша әріптестері  Жандостың туған туыстарына және жан ұясына көңіл айта отырып, оның бейнесі әрқашанда ұмытылмайтынын және есімі жүрегімізде қалатынын айтқымыз келеді.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.