You are here

Бұқар-Жырау ауданы прокуратурасының бастамасымен ведомствааралық жиын өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұқар-Жырау ауданы прокуратурасының бастамасымен алимент өндіру  және балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау деректері бойынша қылмыстық істерді тергеу кезінде  уәкілетті органдардың бірігіп жұмыс істеу мәселелері жөнінде ведомствоаралық жиналыс өтті.

         Заңнама ата-аналардың балаларын асырау бойынша міндеттері мен жауапкершілігін нақты анықтап белгілеген. Алайда, өкінішке орай, ол міндеттерді орындамау деректері жиі орын алуда.

Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау қылмыстарының қоғамдық қауіптілігі ол балалардың материалдық көмексіз қалуында, ал ондай көмекті көрсететін адамдардың осындай  міндеттерін орындамауында.

Жиналысқа  ауданның жұмыспен қамтамасыз ету, ішкі істер органдарының қызметкерлері және  сот орындаушылары қатысты.

Жиналыс нәтижесі бойынша аталған бағыттағы, соның ішінде қылмыстық қудалау барысындағы жұмысты жандандыру      туралы бірқатар іс-шараларқарастырылды.

 

Бұқар-Жырау ауданының

прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.