Азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған ұтқыр топ өз жұмысын қорытындылады» | Қарағанды облысының прокуратурасы

You are here

Азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған ұтқыр топ өз жұмысын қорытындылады»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған ұтқыр топ өз жұмысын қорытындылады» - 1225828140

Ұтқыр топ аудан прокурорының 2017 жылғы 04 шілдедегі №2 өкімімен құрылған.

Топ мақсаты - азаматтардың құқықтарын қорғау, оларды бас бостандығынан заңсыз айыруға жол бермеу және түрлі әлеуметтік көмектер көрсету болып табылады.

         Аталған ұтқыр топтың жетекшісі болып Жаңаарқа аудандық прокуратурасының прокуроры О.Қ. Мұхтар бекітілген. 

         Сонымен қатар, ұтқыр топқа 2 кенттің, 12 ауылдық округтердің әкімдері; аудандық аурухананың қызметкерлері; аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары; Кәсіпкерлер палатасының заңгері, Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары кірген.

Ұтқыр топАтасу және Қызылжар кенттерін, Түгіскен, Ералиев, Ақтүбек, Байдалы би, С.Сейфуллин, Ақтасты, М.Жұмажанов, Бидайық, Қараағаш, Айнабұлақ, Целинный, Ақтау ауылдық округтеріне қарасты 33 шалғай елді мекендерді, 17 шаруа қожалықтарын, 49 қыстақтар мен жайлауларды аралады.

Нәтижесінде азаматтарды бас бостандығынанзаңсыз айырып, еркінен тыс жұмысқа тарту деректері анықталған жоқ. Шалғай елді мекендерде жұмыс жасайтын азаматтардың барлығы өз еріктерімен ауызша келісім арқылы жұмыс істеуде.

Атап айтқанда, Түгіскен ауылдық округіне қарасты «Нұрмағанбет» қыстағында он жылдан аса өз еркімен қойшы болып жұмыс істеп жүрген жеке куәлігі жоқ Сергей Алексеевич Рябинин атты тұлға анықталып, оның жеке басын куәландыру мәселесі қаралып, құжаттарын заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ералиев ауылдық округінде «Ақ ши» қыстағында орналасқан «Саят» ШҚ-да өз еркімен жұмыс істеп жүрген Александр Дмитриевич Карамышев атты тұлғаның мерзімі өткен құжаттары рәсімделіп, тұрып жатқан  жері бойынша тіркеуге қойылды.

Ақтау ауылдық округіне қарасты Комсомол қыстағында өз еркімен бір жылдан аса қойшы болып жұмыс істеп жүрген жеке басын куәландыратын  құжаты жоқ Николай Николаевич Воронин атты тұлға Ресей Федерациясының азаматы екені анықталып, Елшілікке оның құжаттарын рәсімдеу бойынша тиістісұраныстар жолданды.

Одан басқа, аудандық медицина қызметкерлерімен біргемедицина мекемелеріне тіркелмеген тұлғаларды ЖИТС-на(жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы) тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы азаматтардың құқықтарын қорғау және оларды бас бостандығынан заңсыз айыруға жол бермеу мақсатында құрылған ұтқыр топаудан бойынша 51 тұлғаның медициналық-профилактикалық тексеруден өтуіне ықпал етті.

І,ІІ,ІІІ топтағы мүгедек тұлғалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтылып, дәрігерлердің қабылдауында болды.

Ұтқыр топ аралау жүргізу кезінде жұмыс берушілерге жұмыскерлермен еңбек келісім-шарттарын бекіту қажеттілігін түсіндіруінің нәтижесінде 23 шаруа қожалықтарының жетекшілері жұмыскерлерімен еңбек шарттарын бекітті.

Конституцияның зор маңызына қарамастан, қазақстандықтардың бәрі бір кісідей Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық тоқсан сегіз бабын біле бермейді.

Осыған орай, ұтқыр топаймақтарды аралау барысында құқық түсіндіру жұмыстарын да жүзеге асырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабына сай, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарыекенін түсіндірді.

Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

Осы мақсаттарымыз, мәңгілікке нық басқан еліміз әлемге үлгі болар, бірлік пен бейбітшілік, толерантты сабырлылыққа негізделген, Елбасымыздың  көреген саясаты арқасында ата-тегімізден аманатқа берілген дәстүрлі дүниетанымымыз бен жерімізді келесі ұрпақтарға жеткізу үшін әрқайсысымыз өз орнымызда үлес қосуымыз қажет.

 

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.    

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.