Аудан прокуратурасының ықпалымен заңсыз ақталған қылмыскерлер тиісті жазаларын алды | Қарағанды облысының прокуратурасы

You are here

Аудан прокуратурасының ықпалымен заңсыз ақталған қылмыскерлер тиісті жазаларын алды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Конституцияың 12 бабының 2-ші, 5-ші тармақтарында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.

Ата Заңның 17-бабының 1-ші, 2-ші  тармағына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

Конституцияның бірінші бабынан бастап азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нақты айқындалғанымен, бүгінгі күнгі өркениетті мемлекетімізде азаматтарды мәжбүрлеп ұстап, бұрынғы құл иеленуші заманындағыдай ұрып – соғып, тегін жұмыс істету дерегі орын алып отыр.

Дәлірек айтқанда, 2016 жылы аудандық ішкі істер бөліміне «Ж» есімді азамат Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылына қарасты қыстақта оны «Н,Р,Е» есімді тұлғалар заңсыз бас ботандығынан айырып, жұмыс істеткені туралы арызданған.

Аталған дерек бойынша аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК-нің 126 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен (бас бостандығынан заңсыз айыру) қылмыстық іс қозғаған, алайда, кейіннен тергелу реті өзгертіліп, іс облыстық ішкі істер Департаментіне беріліп, біраз созбаландыққа салынған.

Қылмыстық қудалау органдары аталған қылмыстық іс бойынша тергеп – тексеруді үзу, қысқарту туралы шешімдер қабылдаған. Бірақ, ол  шешімдерді аудан прокуратурасы заңсыз деп танып, бірнеше рет бұзған. Нәтижесінде, аталған қылмыстық іс аудандық соттың қарауына жолданған.

Алайда, аудандық соттың үкімімен 3 қылмыскер тиісті жазадан босатылып, ақталған.

Аудан прокуратурасы соттың ақтау үкіміне апелляциялық наразылық келтіріп, Қарағанды облыстық сотының Қылмыстық істер  жөніндегі  апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың ақтау үкімін бұзып, аудан прокуратурасының апелляциялық наразылығын толығымен қанағаттандырып, 3 тұлға аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, әр қайсысына  5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

 

Жаңаарқа ауданы прокуратурасының

аға прокуроры Р.Кенжетаев 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.