Аудан прокуратурасының ведомствоаралық жиналысы көшпелі түрде өткізілді | Қарағанды облысының прокуратурасы

You are here

Аудан прокуратурасының ведомствоаралық жиналысы көшпелі түрде өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жаңаарқа аудандық прокуратурасының 2017 жылдың 3 тоқсанына арналған жоспарлы ведомствоаралық жиналысы, аудан прокуроры А.Қ. Әділхановтың төрағалығымен 27 қыркүйек 2017 жылы көшпелі түрде  Қараағаш ауылдық округінде өткізілді.

Өздеріңізге белгілі, аудан прокуратурасымен жоспарлы жиналыста өзекті сұрақтар мен проблемалық мәселелер талқыланады. Осы көшпелі жиналыста, «Аудан бойынша қылмыстардың өсу деңгейінің себептерін анықтау және келешекте болдырмау» және  күз мезгілінің келуі, малдардың семіруі, алдағы соғым уақытын ескеріп «Мал бағуды ұйымдастыру» сұрағы қарастырылды.

         Ведомствоаралық жиналысқа аудан әкімінің міндетін атқарушысы, аудандық маслихаттың хатшысы, аудандық ішкі істер бөлімінің басшылық құрамы, кент, ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары және Қараағаш ауылдық округінің тұрғындары қатысты.

  Жиналысты аудан прокуроры А.Қ. Әділханов кіріспе сөзімен ашып, тиісті баяндаманы аудан прокуратурасының прокуроры Д.Қ. Омарова жасады.

Баяндамада, 2016 жылдың 9 айымен 2017 жылдың 9 айындағы аудан бойынша жалпы қылмыстардың өсу статистикасына талдау жасалынды.

Атап көрсеткенде, өткен жылмен салыстырғанда, 187-ден 201 – ге (қылмыстар 145-тен 153 –ке,теріс қылықтар 42- ден 48 –ге) дейін қылмыс өскен, бұл 7,5 % құрайды.

Оның ішінде, жеке-меншікке жасалған қылмыстыр 126 – дан 145-ке дейін; алаяқтық жолмен жасалған қылмыстар 13-тен 21-ге дейін; зорлау 2-ден 3-ке дейін; бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар 8-ден 19-ға  дейін; әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар 41-ден 49-ға дейін өскенін айтып, бұл ауданымыз бойынша қуантатын жағдай еместігін атап өтті.

Қылмыстың өсуінің бірден – бір себебі, құзырлы органдармен профилактикалық іс – шаралардың толық деңгейде жүргізілмейтіні айтылды.

         Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларының өздерінің қызмет атқарып жатқан аймақтарында тұрмауыда назардан тыс қалған жоқ.

         Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөліміне өзара тығыз жұмыс істеу, әр кент және ауылдық округтерде профилактикалық іс – шараларды күшейтуді; қылмыс жасауға бейім тұлғалармен тығыз жұмыс істеуді; бұрын сотты болғандарды қатаң бақылауға алуды; жайсыз отбасыларымен үнемі байланыста болуды; қызмет атқаратын аймақта тұрмайтын Қызылжар кенті, Ералиев, Ақтау, Көктал, Айнабұлақ ауылдық округіне бекітілген, учаскелік полиция инспекторларының қызмет атқаратын аймағында тұру мәселесін шешу тапсырылды.

         Жиналыстың екінші сұрағы «Мал бағуды ұйымдастыру»  бойынша да баяндама жасалып, тиісті тапсырмалар берілді.

Баяндамада, аудан бойынша халықтың көпшілігінің күнделікті күн көрісінің бірі  - мал шаруашылығы болып табылатынын; Мал ұрлығы ауылдық елді мекендердегі, басты өзекті мәселелердің бірі екіндігі жеткізілді.

Сонымен қатар, мал ұрлығының орын алу себептерінің басым көпшілігі, мал иелерінің өз малдарын бағусыз қалдыруларынан орын алатыны;  Көбінесе мал ұрлығы  жылқы малдарына қатысты жасалатыны, жылқы малының жүрісі жылдам және желдің бағытына қарсы жайылып, жайылым жерін тез өзгертуіне байланысты үнемі бақылауды қажет ететіні, базарлық құны қымбат болғандықтан қылмыскерлерге жылқы малын ұрлау тиімді екені айтылды.

Адал еңбекпен бағып өсірген малды, ұрылардың оңай олжа ретінде пайдалануларына жол бермеу қажет екеніндігі түсіндірілді.

         Жиналыста ауылдық округтің әкімдеріне учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, ауыл ақсақалдар алқасыменақылдасып, ауыл тұрғындарының арасынан мал бағу кезекшілігін немесе арнайы азаматтарды бақташы ретінде тағайындау, егер осылардың кезекшілік уақытында мал ұрланған жағдайда, шығынды өздеріне төлеткізуге шара қолдануды, тұрғындарға түнгі уақытта қораларының есіктеріне құлып салып, қора маңайларын жарықтандыруларын талап ету туралы аудан прокурорымен біршама тапсырмалар берілді.

Одан басқа, жиналыста қаралып жатқан екі сұрақ бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.М. Сагинтаевқа және ауылдық округтердің әкімдері мен учаскелік полиция инспекторларына сұрақтар қойылып, есептері тыңдалды.

Жиналыс нәтижесімен, хаттама жасалынып, орындау үшін мүдделі жақтарға жолданылды.

Хаттаманың орындалысы аудан прокурорының бақылауына алынды.

Осындай көшпелі жиналыс басқа да ауылдық округтерде өткізу жоспарланып отыр.

 

Жаңаарқа ауданы

прокуратурасының прокуроры

1-ші сыныпты заңгер

Омарова Динара Қожахметқызы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.