You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 36561
    Дата: 29.10.2017 15:01:52
    Аты-жөні: Самархан Еламан
    Сұрақ:
    Құрметті Марат Исламханұлы ... Менің мән жайым осыдан 3 күн бұрын баламды Юга-Восточный отделения ұстап алды ұрлық үшін. Енді біз мән жайды түсіндіруді сұрасақ олар бізге өз адваокаттарын беріп басқа адвокат жалдамауларын айтып адвокат 750,000 тг сұрап ештене айтпай дело сотқа өттіп кеткен №16 түрмеде деп айтады. Балам өз қателігін мойындап отыр бірақ біз жәбірленушімен өзара келісіп жжағдайды шешкіміз келеді бірақ олар жанағы баланын (жәбірленуші) откозноиын алмай қабылдамай отыр. Қазір баламды 2 айға түрмеге қамап қойды ешбір сотсыз. Бұл жағдайды қалай шешуге болады? жазған сотталушы баланын анасы
    Жауап күні:
    6 қараша, 2017 - 18:52
    Жауап:
    Е.Е. Самарханға Құрметті Еламан Ертайұлы! Сіздің Бас Прокурордың блогына балаңыздың қылмыстық ісіне қатысты жазған арызыңыз қаралды. Анықталғаны, 24.10.2017 жылы Қарағанды қаласының Ішкі істер Басқармасының Оңтүстік - Шығыс полиция бөлімі Р.Б.Шакановтың арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 191 бабы 2 бөлігінің 1,3 тармағымен, яғни тонау, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бөтеннің мүлкін ашық жымқыру дерегін тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. 27.10.2017 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан сотымен Н.С.Амангелді және А.Рахатжанға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Қазіргі уақытта, орын алған дерек бойынша Оңтүстік - Шығыс полиция бөлімімен істiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 68 бабына сәйкес, тек онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс санаттағы істер жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартыла алады, ал Сіздің балаңыздың жасаған іс-әрекеті ауыр қылмыстар санатына жатады, сондықтан жоғарыда көрсетілген заң талаптарын қолдануға мүмкіншілік жоқ. Сіздің Қылмыстық-процестік кодекстің 99 бабы 1 бөлігіне сәйкес, қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгіну құқығыңыздың бар екендігін түсіндіремін. Көрсетілген қылмыстық істің тергелу барысына қадағалауды Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы жүзеге асырады. Осы арыз бойынша берілген жауаппен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 17 бабына сәйкес жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Облыс прокурорының орынбасары Н. Жанахметов орын. Мейрамов Е.
  • Сұрақ №: 36118
    Дата: 09.10.2017 09:02:44
    Аты-жөні: Ускенбекова Медет
    Сұрақ:
    Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кент тұрғыны Ускенбекова Медет Амангельдиновна боламы. Бүгінгі таңда яғни 2017жылдың шілде айынан бастап медициналық сақатандыру төлемі төленуі керек алайда осы жөнінде үлкен яғни сіздердің тараптарыныздан шешілмеген мәселе туындайды.Біріншіден төлем ақысын төлеген кезде төлеген соммадан екінші денгейдегі банктердің алатын комиссиясы өте жоғары мысалы келтіретін болсақ 2446 сақтандыру болса 1000 тенге комиссиясы барлығын қосқанда 3446 тенге ай сайын төленуі тиіс. Екінші мәселе жалданған қызметкердін ай сайын төленетін соммасы 300 тенге,ал комиссиясы 700 тенгені құрайды.Бұл барлық халықтын жағдайы келебермедіғой,осы мәселені шешуге көмек беруіңізді сұраймын және қайда хабарласуыма болады.
    Жауап күні:
    27 қазан, 2017 - 14:45
    Жауап:
    М. Ускенбековаға Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Блогынан келіп түскен екінші деңгейдегі банктердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу үшін жоғары комиссияларды белгілеу туралы сұрағыңыз қаралды. «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 6-тармағына сәйкес прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асырған кезде өзге де мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды. Осыған орай, Сіздің сұрағыңыз қарастыру үшін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалына (бұдан әрі – Ұлттық Банктің филиалы) жолданды. Аталған бақылау және қадағалау органының ақпаратына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 1-тармағына сәйкес, сыйақы мөлшерлемелері мен комиссияларды, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу үшін комиссиялардың мөлшерін белгілеуге шектеу қойылмаған. Сонымен қатар, аталған комиссияның мөлшерін белгілеуді регламенттеуші нормативтік құқықтық актілер де жоқ. Заңның 7-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады. Осыған байланысты екінші деңгейдегі банктердің комиссия мөлшерін өзгерту, оның ішінде азайту жөніндегі мәселені, мөлшерлеменің шектi шамасы мен банк операцияларын жүргiзуге арналған тарифтерді бекіткен банк органы ғана қарауға құзыретті. Келтірілгеннің негізінде, Сіздің осы сұрақпен екінші деңгейдегі банктердің органдарына арызбен жүгінуге құқығыңыз бар. Қарағанды облыс прокуроры М. Сексембаев орын.: Раймбеков А.Ғ., тел.8-7212-35-35-78
  • Сұрақ №: 35959
    Дата: 02.10.2017 11:47:27
    Аты-жөні: Сапарова Венера
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе!!! Мен сізге үлкен үмітпен жазып отырмын, себебі көмек сұрап бармаған,жазбаған жерім жоқ. Қазіргі таңда алимент жағдайы ең басты және өзекті мәселе деп айтып жатады бірақ міне 5жыл болды,Қарағанды қаласының №3 октябрь ауданының соты Амиров М. №2-4379 ісі бойынша Саденов Ж.Ж. 2/1жалақысынан алимент өндіру туралы шешім шығарған, бірақ ол шешімдісот орындаушылары толық орындамады. Осы 5жылда артық айтпасам 15 сот орындаушысы аусыты. Саденовтың алимет бойынша қарызы 2млн асқан. Қазіргі сот орындаушы Сартаев Д.О. маусым айында Қарағанды қаласының №3 октябрьауданың сотына Саденов Ж.Ж. пәтерін саудаға салуға руқсат сурап өтініш жазып еді Сот №35-71-17-00-2м1953 ісін қолдамай келісім бермеді. Жалпы Саденов Ж.Ж. 30мынға жеке кәсіпкерге жұмыс істеймін деп анықтама әкелген. қазіргі таңда 30мын жалақысы бар жұмыс орын барма? Сізден сұрарым: 1.Қарыз соманы өндіріп беруіңізді 2. Жұмыс орнын тексеріп жалақысының нақты қанша екенін білу
    Жауап күні:
    3 қазан, 2017 - 14:41
    Жауап:
    В.Т. Сапароваға Құрметті Венера Толеуовна ! Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының Блогынан келіп түскен, Сіздің Ж.Ж. Саденовтан алимент өндіру жөніндегі сот шешімінің орындалмауы туралы жазған шағымыңыз Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуратурасымен қарастырылды. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 7 бабының 5 тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетiмдi ақпараттық жүйелер арқылы келiп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес түскен өтiнiштерi осы Заңда белгiленген тәртiппен қаралуға тиiс екендігін түсіндіреміз. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс (Заңының 6 бабы 2 тармағы). Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 1 бабының 3 тармақшасына сай, электрондық цифрлық қолтаңба бұл электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. Сол себептен электрондық цифрлық қолтаңбасымен және тұлға қолының арасында қандай да бір артықшылықтары жоқ (Заңының 10 бабы). Заңының 1 бабына сәйкес, авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекен-жайы жоқ өтiнiш иесi бүркемеленген өтiнiш деп саналады. Осыған байланысты Сіздің өтінішке келтірілген дәлелдеріңізді тексеру үшін ("электрондық үкімет" порталы, 115.KZ порталы) сыртқы жүйелер арқылы прокуратура органдарына электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтініш беруіңізді немесе Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жазбаша өтініш беруіңіз қажет екендігінізді түсіндіріледі. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа жүгінуге құқылысыз. Аудан прокуроры аға әділет кеңесшісі Д. Қаржаспаев
  • Сұрақ №: 32899
    Дата: 30.04.2017 18:20:51
    Аты-жөні: Кидирбаев Усман
    Сұрақ:
    Құрметті Ибрай Ашимханович, қайырлы күн! Сізді халқымыздың бірлігі күнімен құттықтаймын! Мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін. Алға қойған барлық мақсаттарыңызға жетүіңізге тілектеспін! менің атым Кидирбаев Усман Умурзакович. Өзім зейнеткермін. Сізден көмек сұраймын. Мен 7ай бойы әділетсіздікке ұшырап жүрмін. Жалпы айтқанда аудандық соттан да, облыстық соттан да ұтылдым. Мәселем былай басталған. 2016жылдың қыркүйек айынан бастап көршіммен (Медведев И.) гараж жөнінде соттасып жүрмін. Көршім екеуміздің гараждарымыз бірге орналасқан. Гараждарымыздың арасында қабырға бар. Медведев 2014жылы өзінің гаражына жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қабырға ортақ болған соң, ол меннен рұқсат алу керек еді. Бірақ ол рұқсатты алмады. Менің гаражымның үстіне жөндеушілері басым болып шығып алды. Шиферді сындырды. Солардың кесірінен гаражымның шатырынан су ағатын болды. Былтыр 2016жылдың жазында 3ай бойы қатты жанбырлар жауды. Бүкіл жаз бойы гаражым дымқыл, ылғалды(сырость) болды. Төбенің және еденнің жартысы су болды. Менің сөзімді дәлелдейтің сурет те бар. Бұл бірінші әрі басты мәселе. Екіншіден, ортақ қабырғаның төбесіне 4 қатар кірпіш қойды. Баяғыда гараждарымыздың биіктігі бірдей болған (тіпті басқа көршілердің гараждарының биіктігі бирдей). Енді болса, ол гаражымның төбесіне шығып алды. Әрі сол ортақ қабырғадағы сызат үстіндегі зілдің кесірінен үлкейді (уширилась). Бұл сызаттың да кішігірім тарихы бар. Мен Қарағандыға 2006 жылы Өзбекістан елінен құрметті Елбасымыздың бағдарламасы және көмегінің арқасында көшіп келдім. Басында ортақ қабырғаның сызаты барын білмедім. Өйткені сызатты шифоньер жауып турған. 2016 жылдың басында гаражымды реттестіргенде сол сызатты байқадым. Ал былтыр аудандық соттың боларынан алдын қарасам, оның үлкейгенің (уширилась, увеличилась трещина) көрдім. Осы фактыны аудандық сотқа айттым. Сүйтіп Медведев былай жауаб берді: «Ол сызат менің ремонтымнан алдын болған». Сонда менде мынандай сұрақ пайда болды: « Көршім сызатты біле турып маған адейі істегені ма сонда?». Ал осы сұраққа және осы фактіге сот , окінішке орай , назар аудармады. Аудандық сотта аудиозапись жургізілді. Аудиозапись осы сөздерімнің дәлелі болып табылады. Аудандық сотта Қарабекова жұмысты қарастырды. Облыстық сотта - Бертисканова Г.Т. Құқықтық сараптама жөнінде де мәселелер болған. Аудандық соты кезінде келген сарапшы толық емес қорытынды берді. Мынау соттың шешімінде жазылған факт: « Однако доводы истца не могут быть приняты во внимание , поскольку судебный эксперт в своем заключении НЕ указал , кто именно должен был выполнить требование п.5.92 СНиП РК «Крыши и кровли» , истец или ответчик. Эксперт ПРОСТО констатировал , что на основании п.5.92 СНиП РК «Крыши и кровли» в месте примыкания кровли к стенам необходимо было предусмотреть защитные фартуки из оцинкованной кровельной стали, верхний конец которых должен быть закреплен к стене и герметизирован». Осы фактіге Карабекова да, Бертисканова да назар аударған жоқ. Облыстық сотта Бертисканова соттық сараптамаға бұйрық берді. Талапкер және жауапкер 50%дан, яғни 10000теңгеден төлейсіндер деді. Мен келістім. Бірақ сарапшы сол күйі келген жоқ. Кейін жауапкердің адвокаты Мецик тағы бір сарапшыны шақырды. Маған ол туралы ешкім айтқан жоқ. Мен гаражыма ол сарапшыны кіргізген жоқпын. Осындай әділсіздіктердің себебтерінен мен аудандық сотта да, облыстық сотта да ұтылдым. Әрі Қарабекова да, Бертисканова да маған 70000т жауапкерге моральный ущерб ретінде төлеуді жүктеп қойды әрі сот атқарушысы Б.К. Байгунусовқа 17500т төлеуім керек. Құрметті Ибрай Ашимханович! Сізден өтінемін. Маған осы мәселемді шешуге көмектесіңізші. Нұрсұлтан Әбішұлы бір сөзінде былай деген: «Сотта қарастырылатын істер әділ шешілсін». Тағыда Қазақстан Республикасының соттарының VII съездінде былай деген: «Принципиально важно не допускать судебных ошибок». Елбасымыз осылай айтып жатыр. Мен әділетсіздікке ұшырадым. Көршім гаражымның устіне рұқсатсыз шығып алып, шиферімді сындырды, соның кесірінен тобеден су ағатын болды, сарапшылар толық емес қорытынды берді.Соттың шешімі бойынша мен жауапкерге ақша төлеуге тиістімін. Сонда соттың екеуі де Елбасымыздың айтқанын тындамағаны ма? Ибрай Ашимханович! Хатымды оқығаныңыз үшін үлкен рахмет! Көмектесерсіз деген үміттемін P.S. Дело № 2/6222 в районном суде (судья Карабекова Д.М.) , дело № 2а – 747 в областном суде (судья Бертисканова Г.Т.).
    Жауап күні:
    18 шілде, 2017 - 18:15
    Жауап:
    У.У.Кидирбаевке Қарағанды қаласы Құрметті Усман Умурзакұлы ! Сіздің гараж дауы бойынша сот актілерімен келіспейтіндігіңіз туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры блогынан келіп түскен өтінішіңіз, Қарағанды облысы прокуратурасымен қаралды. Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 16.03.2017 жылғы қаулысымен, Сіздің жауапкерлер И.В.Медведев, Е.В.Медведевадан материалдық зиян өндіру және құрылысты заңсыз деп тану туралы талап арызыңызды қанағаттандырмаған Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының 02.12.2016 жылғы шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің (ары қарай-Кодекс) 54-бабына сәйкес осы көрсетілген іс прокурор міндетті түрде қатысатын азаматтық істер қатарына жатпайды. Сондықтан, аталмыш азаматтық іс бойынша соттың бірінші сатысында және апелляциялық алқа мәжілістеріне прокурорлар қатыспаған. Екіншіден, аталған Кодекстің 22-бабының талаптарына сәйкес, іске қатысатын адамдар, сондай-ақ сот өздерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот актілерін шығарған адамдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен сот актілеріне шағым жасауы мүмкін деп көрсетілген. Сонымен қатар, Кодекстің 436-бабының 1-бөлігіне сай, апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, шешімдері және қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға өтiнiшхат, наразылық берілуі мүмкін. Осыған орай, Сіз азаматтық іс бойынша тарап ретінде Кодекстің 434, 435-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына кассациялық тәртіппен шағымдануға құқылысыз. Аталған жауаппен келіспеген жағдайда, Сіздің Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабы және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 17-бабы талаптарына сәйкес шағымдануға құқығыңыз бар. Қарағанды облысының прокуроры м.а. М. Сексембаев  Есказинов М.. тел.353484
  • Сұрақ №: 32846
    Дата: 26.04.2017 21:51:19
    Аты-жөні: Мирзахметова Гаухар
    Сұрақ:
    Салеметсіз бе? Мен Мирзахметова Гаухар Амирбековна(16.11.1989)тұрғылықты жерім Саран қаласы Ақтас кенті Ленинградская 6-2пəтер.(87011381373) Мен ұлым Ерболатұлы Ибрахимнің пайдасына борышкер Балабеков Ерболат Жанатовичтан (30.10.1983)(87024995902) алимент өндіру мақсатында өтініш жасап құжаттарымды тапсырған едім. Сот шешім шығарып, күшіне енді (26.12.2013) осы уақыттан бері мен əлі алимент алмадым. Қарағанды қаласының жеке сот орындаушылар палатасымен борышкердің тұрғылықты мекен жайына байланысты Жанаарқа ауданындағы Мейізбеков Маратқа құжаттарым жіберілді. Жұмыс нəтижесіңде борышкер мен құжатта көрсетілген мекен жай бойынша тұрмайтыны анықталды.Борышкердің тұрғылықты мекен жайы Сатбаев қаласы Абай Құнанбаев көшесі 64үй 30 пəтер. Сонымен дела тоқталып қалды. Енді Мейізбеков мырза маған сіз құжаттарыңызды сіздің алиментті тоқтатып құжаттарымды қайтаруыңызды өтінемін деген өтінішіңізден кейін сізге қайтарамын дейді. Маған не үшін документ қайтып келу керек еш нəтижесіз? Мен неге ондай өтініш жазу керекпін? Білуімше борышкер мен көрсеткен мекен жайда тұрмаса жеке сот орындаушылар палатасы арқылы Сатбаев қаласындағы жеке сот орындаушысына жіберу керек. Мен 2013 жылдан бастап осы алиментке қол жеткізе алмай келемін. Маған көмек көрсетуіңізді сұраймын. Борышкер 4жыл бойы алимент төйлеу керек екенін білмей келеді. Балам 8жасқа келді. Борышкер ешқалай көмек көрсеткен емес осы уақытқа дейін.
    Жауап күні:
    5 тамыз, 2017 - 12:13
    Жауап:
    Мирзахметова Г.А. Құрметті Гаухар Амирбекқызы! Сіздің Бас Прокурордың блогынан түскен алимент өңдіру туралы сұрағыңыз қаралды. Анықталғаны: 26.04.2017 жылы Сәтбаев қаласы сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөліміне Жаңаарқа ауданы сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімінен И.Ерболатұлын асырау үшін, Е.Ж.Балабековтің айлық жалақысынан немесе басқа да кіріс көздерінен ай сайын ¼ көлемінде, 2013 жылдың қараша айынан бастап бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін Г.Мирзахметованың пайдасына алимент өндіру туралы шығарылған сот бұйрығы бойынша қозғалған атқару өндірісі аумақтық тиістілігі бойынша орындалуға келіп түскен. Сол күні Сәтбаев қ. сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Е.Малютина атқару өндірісін қозғаған. Атқару өндірісі аясында борышкер Е. Балабековпен заңмен қарастырылған жұмыстар жүргізілген. Е.Балабеков ағымдағы жылдың маусым айының 10–нан бастап ЖК «А.Бактыбаев»-та жұмысшы болып орналасқан, еңбек ақысы 25 мың теңгені құрайды. Жұмысқа орналасқаннан бері Е.Балабеков ай сайын алимент төлемдерін төлеп отыр (14.06.2017 жылы-10200 теңге, 17.07.2017 жылы-5200 теңге). Сот орындаушысына берген түсініктемесінде Е.Балабеков алимент төлемдерін ай сайын төлеуге міндеттенген. Е. Балабеков алимент төлеуден жалтарған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертілген. Сот актісі орындалу барысы жөнінде Сіз сот орындаушысы Е.Малютинадан біле аласыз (Сәтбаев қаласы, Абай көшесі, 68, тел. 8(777)338-24-57, 8(747)483-60-57). Қарағанды облысы прокурорының м.а. М. Сексембаев орын. Хамитов Б.Н. тел. 35-36-11

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.